Ташкент әуежайының маңында жойқын жарылыс болды
Ташкент әуежайы маңындағы кеден қоймасында жойқын жарылыс болды. Зардап шеккендер бар.
Алматы, NEGE. Қатты жарылыстан жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған. Жарылыстан кейін өрт басталған. Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.
Құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ ғимаратта әуежай қызметкерлері көп болғанын хабарлады. Ауруханалар зардап шеккендерге толы.
Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Жарылыстың алдын ала себебі қоймада сақталған электромобильдерге арналған аккумуляторлар болуы мүмкін.
Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады.