Тасбақа сатып байығысы келгендер ұсталды

Колумбияда тасбақа контрабандасы әшкереленді.

Алматы, NEGE. Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Амасонас департаментінде болған. Мұнда әуежайдағы тексеру кезінде қызметтік иттер 2 мыңнан аса тасбақаның баласын тауып алған.

Қаскөйлер оларды сусыз, кәдімгі пакеттің ішіне салып өтпек болған.

Салдарынан 150 бауырымен жорғалаушы өліп қалған. Қалғандарының көбінің жағдайы нашар болған екен.

Полицейлер тәркіленген партияның қара нарықтағы құнын 250 мың долларға бағалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді