2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: Қазақстандықтар топтық жарыста мәре сызығына жете алмады

Тас жолдағы велоспорттан Кигалида (Руанда) өтіп жатқан әлем чемпионатында U23 санатындағы қыздар арасындағы топтық жарыс аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшыларға 119,3 шақырымдық қашықтықты бағындыру қажет болды. Франция өкілі Селия Жери жарысты бірінші болып аяқтады.

Күміс жүлдені Словакия спортшысы Виктория Чладонова иеленсе, қола жүлде Испания атлеті Паула Бласиға бұйырды.

Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы сынға түсті. Алайда Виолетта Казакова мен Елизавета Склярова қашықтықты аяқтай алмады.