Іле Алатауында альпинистер құтқарылды

Алматы облысында 6 альпинист тікұшақпен құтқарылды.

el.kz

 Алматы, NEGE.  Алты туристің бесеуі – Ресей азаматтары. Олар Іле Алатауында таулы маршруттан өткенде Сәтбаев шыңынан тас құлаған. Сол кезде екеуі аяғынан жарақат алып, ары қарай жүре алмады.

Құтқарушылар байланыстың жоқтығына қарамастан, топтың геолокациясын 4300 м биіктікте анықтап, барлығын тікұшақпен эвакуациялады. Ал әуежайда зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді. Ал апаттар медицинасы орталығының кезекші бригадасы ауруханаға алып кетті.

Осы орайда құтқарушылар тауға шықпас бұрын тәжірибе мен физикалық мүмкіндіктерді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді