«TARTYL FEST-2022»: Алматыда турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр

«TARTYL FEST – 2022» фестивалі еліміздің барлық өңірінде 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жарысты ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры мен Алматы әкімдігі өткізіп отыр. Әкімдіктің мәліметінше, қазір Алматыда 500-ден астам әуесқой спортшы тіркелген. Қатысушылар салмағы мен жасына қарай 9 санат бойынша өнер көрсетуде. Жеңімпаздар кешке фестиваль аяқталған соң анықталады. Еске салсақ, бұған дейін фестиваль Қонаев қаласында басталып,

Талдықорғанда жалғасқан болатын. Қазақстанның 20 қаласында ұйымдастырылатын турнир жеңімпаздары 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға қатысады. Әр қаладағы жүлде қоры: 1-орын – 200 000 теңге; 2-орын – 100 000 теңге; 3-орын – 50 000 теңге. Гранд-финалдың жүлде қоры: 1-орын – 3 миллион теңге; 2-орын – 2 миллион теңге; 3-орын-1 миллион теңге. Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды