Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

instagram.com/kazmma_official

Алматы, NEGE. Ташкентте (Өзбекстан) Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтуде. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Ширек финалда қазақстандық қыз Анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан (11:1) басым түсті. Әшіберкова финалдық белдесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.

«Мөлдір Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы, бұл – тарихи жеңіс», деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін