Тарихи жеңіс: Мөлдір Жаңбырбай каратэден әлем чемпионы атанды

Каратэші Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы финалда италиялық қарсыласын жеңді. Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен жеңіп (11-3), сенсация жасаған еді. 

Мөлдір Жаңбырбай тарихта тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы атанған спортшы болды.

Мажарстан астанасы Будапеште WKF каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдің арқасында 5-орын алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр