Таразда көкпар мен аударыспақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Додаға еліміздің 17 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жарыс 10 күнге созылады. Осы ойындардың нәтижесінде ұлттық құрама шабандоздарын іріктеу көзделіп отыр. Үздік шығып көзге түскендері қыркүйек айында өтетін халықаралық Көшпенділер бәскесінде ел намысын қорғайды.

Құрманбек Тұрғанбек, «Әулиеата» командасының шабуылшысы:

–  Бірінші ойында үштікте жүрген Атырау құрамасын 7:2 есебімен жеңдік. Алда Түркістан, Қызылорда облысы бар. Соларға қайта дайындықты жинап шығуға дайындаламыз. Бұл алда келе жатқан жарыстарға керек тәжірибе алмасу.

Мұхтар Имашев, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:

– Елімізден 15 команда жиналды. Алтауы жоғары лига. Тоғызы бірінші лигадан. Ойын керемет өтіп жатыр. Жылдағы финалға шығып жүретін Әулиеата мен Түркістан облысы еді. Енді биыл сақадай сайланып келген командаларды көріп отырмыз. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды