Таразда қоқыс жәшігіндегі пластикалық шелектен нәрестенің мәйіті табылды

29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Полиция.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. 

Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді. 

Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.