Таразда карантин режимін бұзған шаштаразшы жазаланды

Ол төтенше жағдайға қарамастан бес шетелдік азаматтың шашын қиып бермек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. 25 жастағы жігіттің заңсыз әрекеті жергілікті жоғары оқу орнында оқып жүрген бес түркіменстандыққа қызмет көрсету кезінде анықталды. Полицейлердің айтуынша, олар өзара алдын ала келіскен көрінеді. Жалпы өңірде осындай 917 карантин режимін бұзу дерегі тіркеліп, 900-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 250 адамға айыппұл салынып, 78 азамат қамауға алынды.

Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Айнұр Рақышева: "Шаштарымыз өсіп кетті дейді. Бірақ шаштарының өсіп кеткені байқалмады. Бір-бірін танитын адамдар. Жиі-жиі телефон арқылы кездесіп, шаштарын алып жүретін көрінеді. Қазіргі таңда 6 адамға қатысты, сонымен қатар жетінші ол шаштараз иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды" деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?