Таразда карантин режимі жеңілдетілмейді

Өйткені қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Аймақ бойынша қауіпті кесел 160-қа тарта адамнан анықталса, соның жартысына жуығы облыс орталығында тіркеліп отыр.

Алматы, NEGE. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 19 тұрғын үй карантинге жабылған. Қазіргі ахуалды жұрт дұрыс түсініп отыр. Тіпті 14 күндік карантинде болып көрген тұрғындар төтенше жағдай өмірлік сабақ болды дейді. 

Қалай болғанда да шыдамдылық танытқан жөн. Індетті жеңудің жолы сол ғана. Қазір қаладағы оқшауланған осындай 19 үйдің 10-ы ашылды. Алайда шаһардағы эпидемиялогиялық жағдай әлі тұрақталмаған. Бір жағы карантиннен шықса, артынша жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Карантиндік режимнің жеңілдеуі коронавирус жұқтыру дерегінің тұрақталуына байланысты болады. Әлі де COVID-19-ды жұқтырып алу деректері тіркеліп жатыр. Мамандар қауіптің толық сейілмегенін айтып, босаңсуға болмайды деп ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр