Таразда балаларды атып кетті

Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада жатыр.

Алматы, NEGE. Тараз қаласының Полиция басқармасына кәмелетке толмаған жасөспірімдердің оқ (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды