Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Таразда әскери бөлімнен қашып кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан сарбаз табылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ведомствоның баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы толығырақ кейін хабарланады.

Еске сала кетсек, Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек.

Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Олардың айтуынша, сарбаз басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін