Таразда жайлы мектеп өртенді

Таразда жаңа салынып жатқан жайлы мектеп өртенді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Тараз қаласында 15 шағын ауданында орналасқан жаңа мектептің ғимараты өртенді.

"Өрт сөндіру жасақтары келген сәтте бірінші қабаттан қалың түтін шығып жатты. Оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар өз бетінше эвакуацияланды", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 80 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Жамбыл облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 "Мектеп құрылысы әлі аяқталмаған, ғимарат пайдалануға әлі берілген жоқ. Өрт құрылыс кезінде болған", - деді ведомстводағылар.

Өрт сөндірушілер тілсіз жау электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болған деп болжап отыр.

Қазір оқып жатыр

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты