Таразда көлік қазылған жолға түсіп кетті

Оның ішінде 4 адам болды, деп хабарлайды 24KZ.

24 kz

Алматы, NEGE. Апат салдарынан 3 жолаушы зардап шексе, 3 айлық сәби ешқандай дене жарақатын алмаған.

Куәгерлердің айтуынша, жылу құбыры тартылып жатқан құрылыс алаңында ешқандай жол белгілері қойылмаған.

Ал әкімдік өкілдері: «тиісті ескерту белгілері көше басында орнатылған», – деп отыр.

Әзірге Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.