Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған әйел ұсталды

Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан әйелдер киім дүкенінен бірнеше рет киім-кешек ұрлаған Жуалы ауданының тұрғынын ұстады. Ол алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне салып, ұрланған заттарды алып шыққан.

Кейінірек Шымкент қаласындағы базарлардың біріне апарып сатқаны анықталды. Дүкен иесіне жалпы сомасы 2 млн 5 500 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?