Таразда базардағы қоймадан өрт шықты

Таразда базардағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ. 

ТЖМ

Тараз, NEGE. Тараз қаласында, Мәмбет батыр көшесінің бойында "Омар ата" базарының аумағында 350 шаршы алаңда қойма өртеніп жатыр. Себебі анықталуда. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды, – делінген ТЖМ таратқан мәліметте.