Таразда автокөлік жүк пойызы және автобуспен соқтығысты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда Бурыл станциясы кірме жолының (Тараз-Жаңатас учаскесі) жеке теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

видеодан скрин

Алматы, NEGE.  Таразда болған ірі жол-көлік апатынан автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы жарақат алды. «Mercedes» маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өткелден өту ережесін бұзған. Салдарынан жүк пойызының вагондарына және маршруттық автобусқа соқтығысқан.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасынан мерт болғандар жоқ. Алайда екі адам – 57 жастағы көлік жүргізушісі мен 13 жастағы жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Ауруханаға жеткізілген екі адамға «мидың шайқалуы» диагнозы қойылды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады