Таразда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашқан

14 наурыз түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған.

Полиция

Алматы, NEGE. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған.

Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келді.

Тексеру барысында оның кәмелетке толмағаны және автокөліктің әкесіне тиесілі екені анықталды.

Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»