Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Қызды үйінен анасы тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көмек көрсете алмады, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз Таразда болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорада асулы күйде табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

№26 орта мектептің 9-сынып оқушысы неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалды.

Қаза болған қыз соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала.

– Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді