Тараз маңындағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Таңғы сағат 7-лер шамасында Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы оқ-дәрі қоймасы аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді.

Алматы, NEGE. Таңғы сағат 7-лер шамасында Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы оқ-дәрі қоймасы аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Ресми дерекке сәйкес, жарылыс кезінде оқ-дәрі қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Оқиға орнына жақын жерде адамдар болмады. «Дегенмен алдағы уақытта бұндай жағдайлар қайталануы мүмкін», – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицер майоры:

– Ғимараттар мен құрылыстар зақымданбаған. Аудандағы ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да мұндай оқиғалар болуы мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағындағы оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады