5 августа 2022 г. 16:15

Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

Фото:

Тараз қаласының әкімі болып тағайындалған Ержан Жылқыбаев қызметінен кететінін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "1,5 жылға жуық уақыт аралығында атқарған жұмыстарымыз тараздықтардың көз алдында болды. Оның бағасын халықтың өзі бере жатар. Ең бастысы – әрбір жоспарымызда, басымдық берген бағыттарымызда тұрғындардың сұранысы мен қоғамның пікірі ескеріліп отырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын барынша іске асыруға тырыстық. Халық санағы, жалпыхалықтық Референдум сияқты республикалық науқандарды абыроймен атқардық. Игі істер мен әрбір жобаның сәтті іске асуында – жамбылдықтардың қолдауы мен әріптестерімнің еңбегі зор", – деп жазды Ержан Жылқыбаев.

Тегтер: