Тараз гарнизонында індеттің таралуына байланысты тергеу жүргізілді
Вирус жұқтырғандардың арасында сарбаздар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Тараз гарнизонында індет таралуына байланысты тергеу жүргізді. Сөйтіп, әскери бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет мамандары қорғаныс шараларын жөнді атқармағанын анықтады. Соған байланысты басшыларды қызметтен босатып, бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты. Осы оқиғадан кейін әскери бөлімдер мен мекемелерде сақтық шаралары барынша күшейтілді.