Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады
Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. "Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 гектар болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды. Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.
Антикор мәлімептінше, тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынған.
Тергеу жалғасып жатыр.