Тараз маңынан Атлах шайқасының орны табылды

Жамбыл жерінен Атлах шайқасының орны табылды, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. 

Christian Jegou

Алматы, NEGE. Араб пен Қытай империясы арасындағы соғыс Тараз маңында өткені тарихтан белгілі. Бірақ бұған дейін нақты қай жерде болғаны жұмбақ болған.

Енді тараздық тарихшылар Бесағаш ауылының маңын Атлахтың алаңы деп, шайқастың шекарасын шегендеуге көшті. Жайылымнан VII ғасырға тән жебе ұшы мен салақұлаш семсер де табылған.

Тарихшылардың тынымсыз еңбегін бағалаған жергілікті билік Атлах алаңын зерттеуге 25 млн теңге бөліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты