Тараз көшелерін «балға ұстаған маньяк» кезіп жүр ме?

Әлеуметтік желіде Тараз көшелерін «балға ұстаған маньяк» кезіп жүр деген ақпарат тарады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Таразда қалалық саябақ маңынан басы жаншылған ер адамның мәйіті табылды. Бір күннен кейін қаланың орталық көшелерінің бірінен тағы бір адамның жансыз денесі табылып отыр. Осындай жағдайлар жиілеген соң мессенджерлерде қорқынышты хабарлама тарай бастады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті аталмыш жағдайға қатысты пікір білдіріп, қауесетті жоққа шығарды. 

«Әлеуметтік желіде «Таразда балға ұстаған маньяк жүр, зардап шеккендер бар» деген ақпарат тарауда. Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген