Тараз қаласында білім беру ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды

2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаратын білім беру мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.

kaz.orda.kz

Алматы, NEGE. Нәтижесінде «Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны анықталды.

Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өрт-техникалық, Еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылып, 36 бала білім алған. Бұзушылықтар бойынша Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеудің күшін жою туралы талап қою енгізді.

2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы шешімі шығарылған.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді