Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Тараз қаласының соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Қалдыбаевты, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарының өкілі О. Ерболатұлын соттады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Олардың қылмыстық қызметінің нәтижесінде мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жыл, Ерболатұлына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталған Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?