Тарантино әке атанды

56 жастағы америкалық режиссер Квентин Тарантино мен 36 жастағы израильдік Даниэла Пик ұлды болды.

Алматы, NEGE. Нәресте Тель-Авивтегі «Ихилов» ауруханасында дүние есігін ашты.

Тарантино мен Пик 2018 жылы қарашада ресми түрде отау құрды. Екеуі ең алғаш 2009 жылы танысқан.

«Осындағы өмірім тамаша. Даниэла үйде және бұл керемет. Біз баланы күтеміз, жарымның қуанышында шек жоқ. Мен оған бір қарап-ақ өзімді бақытты сезінемін. Күндіз мен кабинетте кітап жазамын, Даниэла түскі ас дайындайды. Содан кейін біз бірге тамақ ішеміз. Кешке кешкі ас, содан кейін теледидар көреміз, не басқа іспен айналысамыз. Сосын ұйықтаймыз. Кейде мен кабинетке ораламын, біраз жазамын да жұбайымның жанына барамын. Білесіз бе, мен ешқашан болмаған қарапайым өмір сүріп жатырмын. Қарапайым әрі нақты өмір. Мен бақыттымын», - деген болатын режиссер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр