Танзанияда шағын ұшақ апатқа ұшырады

Танзаниядағы Виктория көліне шағын жолаушылар ұшағы құлады.


Алматы, NEGE.
Оқиға Букоба қаласының әуежайына қона бергенде болған. Әуе кемесінің бортында 49 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі отырған екен. Соңғы мәліметке қарағанда, 23 адам құтқарылды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Өйткені осы кезде жаңбыр жауып, қатты жел соққан.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті