Танкерге жасалған шабуыл Қазақстан мұнайын тиеуге әсер еткен жоқ

Nordic Zenith танкеріне жасалған шабуыл Қазақстан мұнайына қауіп төндірген жоқ. Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеп, мұнай тиеу кестеге сай жалғасып жатыр. 

shipspotting.com

Астана, NEGE. Энергетика министрлігінің мәліметінше, КҚК-ның технологиялық инфрақұрылымына зақым келмеген.

«Қазақстан мұнайына қауіп төніп тұрған жоқ. Каспий құбыр консорциумы жүк тиеу жұмыстарын қалыпты тәртіппен жүргізіп, танкерлерге мұнай құюды белгіленген кестеге сәйкес жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 шілдеде Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Каспий құбыр консорциумының терминалына мұнай тиеуге бағыт алған Nordic Zenith мұнай танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған. Сол сәтте кемеде мұнай болмаған.

Танкерде шыққан өртті экипаж өз күшімен сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.