«Таныстарын заңсыз жұмысқа кіргізген»: «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 'ӨзенМұнайГаз' АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты лауазымды өкiлеттiктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Алматы, NEGE. Бауыржан Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланған. Нәтижесінде мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.

Өзінің таныстарын "Өзен Мұнай Газ" АҚ-на заңсыз кіргізгені анықталып отыр. 

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Бауыржан Мамбетсапаевтың анық білгені тергеуде анықталды.Бауыржан Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 миллион теңгеден аса залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасудағы құқықтары өрескел бұзылуына әкеп соққан", - делінген хабарламада.