Танысын интимдік фотосуреттермен бопсалаған қызылордалық ұсталды (видео)

Интимдік фотосуреттерді жариялаймын деп әйелді бопсалаған қызылордалық ұсталды.

Алматы, NEGE. Полицияға 29 жастағы азаматша арыз түсірген. Танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фотоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы ақша беруді талап еткен.

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК – нің 194 – бабының 1 – бөлігімен (Қорқытып алушылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді