21 ноября 2023 г. 14:30

Танысын атып өлтіріп, көлігін ұрлаған ер адам іздестіріліп жатыр

Фото:

Ақмола облысында танысын атып өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен 27 жастағы ер адамды полиция іздестіріп жатыр.

Алматы, NEGE. Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 21 қарашада сағат 01:30 шамасында болған.

– Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысы, 23 жастағы жергілікті тұрғынды атып өлтіргені анықталды. Күдікті қаза болған адамның «Toyota Land Cruzer Prado 150» автокөлігін ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды, - деді ПД баспасөз қызметінен.

Тегтер: