Танымал журналистің муралы салынуда

Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр.

Алматы, NEGE. Мурал журналист жұмыс істеген «Жетысу» телеарнасының маңындағы үйдің қабырғасында пайда болады. Портреттің авторы жас суретші – Еркеғали Иманғали.

«Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол - ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көптеген жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет», – дейді суретші.

Айта кетейік, Бейсен Құранбек 2013-2017 жылдары Qazaqstan телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасын жүргізген, Алматы облысындағы «Жетысу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2020 жылдың 18 мамырында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған