Танымал журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

Қазақстанның құрметті журналисі Қалыбек Атжан 67 жасында өмірден озды.

Алматы, NEGE.  Қалыбек Атжан 1954 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінен бастаған ол 40 жылға жуық уақыт телерадио саласында қызмет атқарды. Қазақ радиосында аға редактор, "Хабар" агенттігінің тілшісі, "Қазақстан" РТРК АҚ-ның Шымкент, Тараз филиалдарының директоры, Ұлттық арнаның аймақтағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.

"КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі", Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.

Nege.kz порталының ұжымы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады