Танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден озды

Танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды журналист Қуат Әуесбай.

Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті