Танымал үнді актері өмірден өтті

Үндістанның әйгілі әрі алғашқы актерлерінің бірі Дилип Кумар 98 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлайды Би-би-си.

Алматы, NEGE. 30 маусым күні ол тыныс алуы қиындап, ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер актердің өмірін сақтап қала алмаған. Басылымның жазуынша, Дилип Кумар соңғы бірнеше ай бойы денсаулығы сыр беріп, ауырып жүрген. Оның артында жан жары әрі Болливуд актрисасы Сайра Бану қалды.

Айта кетерлік жайт, жұлдызды жұптың балалары жоқ. Актер 1922 жылы қазіргі Пәкістан аумағында орналасқан Пешавар елді мекенінде өмірге келген. 1944 жылы 22 жастағы Дилип кинодағы алғашқы деюбтін бастаған. Ал 1949 жылы түскен Andaz ("Бедел") деп аталатын кинотуындысы ол үшін сәтті болып, жас актер бірден жұлдызға айналады. 

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?