Танымал теннисші түрмеге қамалды

Теннистен әлемнің бұрынғы экс-көшбасшысы Борис Беккер қарыздарын өтеуден құтылу үшін 2,5 миллион фунт стерлинг тұратын активтері мен несиелерін жасырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Беккерді қазылар алқасы Британдық төлем қабілетсіздігі туралы заңға сәйкес төрт бап бойынша кінәлі деп тапты. 54 жастағы неміс 20 бап бойынша ақталды.

Іс 2017 жылдың маусымында Беккердің Мальоркадағы сәнді мүлкі үшін 3 миллион фунт стерлингтен астам төленбеген несиеге байланысты банкроттыққа қатысты болды.

«Үлкен дулыға» алты турнирінің жеңімпазы өкінбеген және кінәсін мойындамаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды

Алматыда әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі күйде табылды

Шерзат Полат қазасы бойынша сотталған екі жігіт ақтауды сұрады

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде паркингтер паналау орны ретінде қолданылмақ