Танымал педиатр коронавирустан қайтыс болды

Жоғары дәрежедегі педиатр Гүлназым Нұрғалиева 22 сәуірде Алматыда қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Нұрғалиеваның күйеуі - хирург, ал тұңғыш ұлы - қалалық № 12 ауруханада травматолог болып жұмыс істейді. Отбасындағылардың айтуынша, 16 сәуірден бастап әкесі мен ұлы каратинде ем алып жатқан.

"Анамның жүрегі шыдамады. Суық тиюден емдейтін сияқты ем қабылдады. Себебі вирустың ешқандай белгілері болған жоқ. Қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын жедел жәрдем келіп кетті, олар да ешқандай белгі байқаған жоқ. Анам қайтыс болмай тұрып, бір сағат бұрын маған хабарласып, барлығы жақсы екенін айтты. Алайда кейін есінен танып қалған. Оны жақындарының және туыстарының қатысуынсыз жерледі. Хаттама бойынша коронавирус жұқтырғандарды осылай жерлейді екен", - деді дәрігердің кенже ұлы Тимур Қуандықов.

Қазір оқып жатыр

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

«Наурызды тойлауға болмайды»: Блогердің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура ескерту жасады

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды