10 марта 2020 г. 16:30

Танымал өнерпаз нашақорлықтан емделіп жүр

Төртінші рет әке атанған танымал рэпер Джиганның нашақорлықпен күресіп жүргені белгілі болды.

Алматы, NEGE. Жұлдызды жұптың болашағына жанкүйерлер алаңдап отыр. Бүгінде көпбалалы отбасының жағдайы мәз емес. Оксана Самойлова инстаграм парақшасына: «Бұл әлемде өмір сүргім келмейді», - деп жазба қалдырса, Джиган жарынан кешірім сұрап видео жүктеген.  

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың жолы екіге бөлінген. Бұған себеп, Джиганның есірткіге салынуы. Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан украиналық рэпер тұңғыш қызына дауыс көтеріп, сыра әкелуді бұйырған. Араға екі күн салып, қасы мен сақалын алып тастаған ол жанкүйерлерін балағаттап, жындыханада жүргенін айтқан. Ал Оксана болса, ажырасуға арыз берген.

Айта кетейік, Джиган бүгінде Майамиде орналасқан Palm Beach оңалту орталығында емделіп жүр. Ең қымбат саналатын оңалту орталығына өнерпаз күніне 200 мың рубль қаржысын жұмсауда. Қиындықтардың барлығы уақытша екенін жазған жанкүйерлер жұлдызды жұптың қайта қосылатынына сенімді.

Тегтер: