Танымал музыкалық продюсер Мұрат Ерғалиев көз жұмды

Белгілі продюсер 18-шілдеде, 63 жасында коронавирустан қайтыс болған.

Алматы, NEGE. Танымал продюсердің дүниеден өткені туралы бұрынғы парламент депутаты, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғар әлеуметтік желіде хабарлады.

«Мұрат Ерғалиев бақилық болды. Бір ай бұрын қарындасы қайтыс болып еді. Енді өзі де Қазақстан музыкасында үлкен із қалдырып кете барды», - деп жазды Тәңірберген Бердіоңғар.

Мұрат Ерғалиев кезінде кең танымал болған халықаралық «Азия дауысы» фестивалін ұйымдастырушы әрі жетекшісі болды. Кейін жас орындаушылардың «Жас қанат» конкурсын ұйымдастырды.  Мұрат Ерғалиевтың қазасы туралы ақпарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Көптеген қазақстандық, тіпті шетелдік орындаушылардың жұлдызын осы байқаулар жақты. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған