Танымал қазақстандық боксшы 5 жылдан соң рингке қайта оралады

Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев (7-0, 6 КО) араға ұзақ уақыт салып мансабын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Ол 1 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Әзірге қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Спорттық іс-шараға Дәулет Дәукенов, Әли Балоев, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаров және тағы да басқа қазақстандық боксшылар қатысады. 

Айта кетейік, Руслан Мырсатаев  2019 жылдың қазан айында Алматыда беларусь боксшысы Юрий Быховцевті жеңгеннен кейін кәсіпқой бокстағы спорттық мансабын аяқтаған болатын. Спортшы араға 5 жыл салып шаршы алаңға қайта оралмақшы. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады