Танымал дизайнерді өлтірген күдікті 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды.

Алматы, NEGE. Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп таныды.

«Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталаушы қаза тапқан жігіттің отбасына 10 млн теңге моральдық залал өтеуге міндетті»,- деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды