Танымал Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров ұсталды

Танымал Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждің Ле Бурже әуежайында ұсталды, деп хабарлады француз телеарналары.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 39 жастағы кәсіпкер Франция астанасына Әзербайжаннан жеке ұшағымен келген.

Дуровты әуе көлігі жандармериясының қызметкерлері ұстады. Кәсіпкер Францияда іздеуде жүргендер тізімінде болған. Француз сот полициясы қамауға алу ордерін «алдын ала тергеу» негізінде шығарды, оның мән-жайы нақты жарияланбады.

Дуров мессенджер жасаушы ретінде есірткі саудасына және басқа да ауыр қылмыстарға көмектесті деген күдікке ілінді. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін және жақын арада сот алдында жауап береді.

Дуров Франция азаматтығын да алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр