Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

Танымал қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақалтеке тұқымынан шыққан Ақжан атты тұлпарын жазық далада түсіріп, ерекше кадрларымен бөлісті.

Видеодан үзінді/@bydastann

Астана, NEGE. Ақжан – Мемлекет басшысының атқорасындағы қылаң боз байтал. Қасым-Жомарт Тоқаев оған шамамен бір жыл бұрын, тай кезінде, осы есімді берген.

«Президентіміздің тұлпарын далада алғаш болып түсіру маған бұйырыпты», – деп жазды Дастан Мұхамедрахым.

Бүгінде Ақжан өзінің келісті тұрқымен көпшіліктің назарын аударып, Астананың ерекше символдарының біріне айналып келеді.