Таңғы астан бас тарту денсаулыққа зиян екен

Огайо штатындағы университет ғалымдары таңғы астан бас тартқан адамдардың ағзасы маңызды қоректік заттардың, дәрумендердің жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Сарапшылар әр түрлі жастағы 30 000-нан астам АҚШ тұрғындары туралы деректерді талдады. Зерттеуге адамдар шамамен 10 жыл бойы қатысып, өздеріне тиесілі ақпаратты үнемі беріп отырған. Нәтижесінде әрбір алтыншы қатысушы таңғы астан бас тартқаны белгілі болды. Ғалымдар бұл адамдардың ағзасынан басқаларға қарағанда дәрумендердің жетіспеушілігін байқаған. Ең маңызды саналатын фолий қышқылының, кальцийдің, темірдің, сондай-ақ B2, B3, C және D дәрумендерінің тапшылығы болған. Сондай-ақ олар күні бойы тәттіні көбірек жеген.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады