6 сентября 2023 г. 8:22
Таңертең Астанада дабыл қағылады
6 қыркүйек таңғы сағат 09.00-де Астана қаласында дабыл жүйлері қосылады.
Алматы, NEGE. Ел бойынша 5-7 қыркүйек аралығында «Қорғау-2023» штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Оның шеңберінде 6 қыркүйек күні Астана қаласының халықты жаппай құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Сағат 09.00-де теле-радио арналар арқылы электродабылдар қосылады.
«Тұрғындар бұл дабылды естіген кезде әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және т.б.) қосуы керек. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық, сақтауға, үрейге берілмеуге шақырады», - делінген ТЖД хабарламасында.