Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Ақын Танакөз Толқынқызына қатысты түскен арыз негізінде қылмыстық іс қозғалмайды. Мұны ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Фейсбук парақшасынан

Алматы, NEGE. Айтуынша, ол қорғаушылары Бауыржан Азанов пен Марал Сайлаубаймен бірге Астана қаласының полициясына барып, тексеру барысында қойылған барлық сұрақтарға жауап берген.

Танакөз Толқынқызының сөзінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде оның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған. Осыған байланысты іс номенклатуралық есепке алынған.

Айта кетейік, бұған дейін Танакөз Толқынқызы Facebook желісінде «Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған» деген жазба жариялап, ол көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Кейін аталған жазбаға байланысты eGov порталы арқылы заңгер Нұрсұлтан Орынбековтен шағым түсіп, полиция тарапынан тексеру басталған.

Нәтижесінде құзырлы органдар тарапынан қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды