Тамызда коронавирус жұқтырғандар саны артады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус таралуына қатысты болжамды айтты.

Алматы, NEGE. "Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы үш айға болжам жариялап отырады. Пессимистік сценарийбойынша, күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Реалистік сценарий бойынша, күніне 2,5 мың адамға дейін анықталады. Оптимистік сценарийбойынша, күніне мың науқасқа дейін тіркеледі. Коронавирус жұқтыру тамыз бойы жалғасып, қыркүйекте азаяды", - деді Ғиният ОКҚ-дағы брифингте.